19 мау, 2021 сағат 11:49

Ауыр салмақтағы нокаутер Иван Дычконың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды


Қазақстандық боксшы Иван Дычконың (9-0, 9 КО) менеджері Зия Әлиев боксшының рингке қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Sport.kz хабарлады.

«Ваня өзінің келесі жекпе-жегін 10-шы шілдеде Алматыда өткізеді деп жоспарлап отырмыз. Оның қайтып оралуы үшін, әдеттегідей жекпе-жек өткізіп, тамыз айында басқа жерде ұйымдастырамыз», - деді Әлиев. 

Иван Дычко өзінің алдыңғы жекпе-жегін 2019 жылдың шілдесінде өткізген еді. Ол америкалық боксшы Нэйт Хэвенді (9-3, 7 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, содан бері рингке шықпады. 

Айта кетейік, 30 жастағы қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы 2017 жылы кәсіби мансабын бастады және тоғыз жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті.