Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ауыр атлетика федерациясының (ФТА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешім Алматы қаласында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданды.
«Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті», – делінген ресми хабарламада.