Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия біріншілігі аяқталды.
Olympic.kz мәліметінше, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер командасы - бірінші, Қазақстан әйелдер командасы төртінші орын иеленді.
Қазақстан командасы жалпы есепте 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды: Арли Чонтей Азия чемпионы атанса, Абылай Әуелханов, Карина Кузганбаева және Нұрғиса Әділетұлы күмісті қанағат тұтты. Ал Екатерина Быкова, Айзада Мүптілда және Артем Антропов қола жүлдегерлер қатарында.