Қазақстандық Алексей Чуркин Боготада (Колумбия) өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлдені місе тұтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Чуркин 323 келі нәтиже көрсетті (жұлқа көтеруде 153 және серпе көтеруде 190).
Аталған салмақта индонезиялық спортшылар Рахмат Абдулла — 352 (152+200) мен Ризки Джуниансьяху — 347 (155+192) бірінші және екінші орынды бөлісті.
Айта кетейік, дүбірлі додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет бақ сынайды.