02 мам, 2024 сағат 17:32

Ауыл шаруашылығы техникасының 80% тозығы жеткен - депутат

Фото: egemen.kz

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай ауыл шаруашылығы техникасының 80% тозығы жеткенін айтып Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Көктем шығып, Ауылдағы ағайынның жұмысы көбейген кезде, шаруалар техникасын түгендеп, қарбалас тірлікке көшкен. Сол техниканың Бүгінде 80% пайызының тозығы келген. Өзімізде шығарылатын техникаларды бағасының шарықтауы. Шетелден ауыр техника алып келетіндерге қойлытын талаптар тағы бар. Сөйтіп бидай мен етін мұхит асырып, шет елге экспорттайм деген қазақ арманы – арманы күйінде қалатын сияқты", -деді депутат.

Оның сөзінше «Белерусь 80.1» тракторы 2019 жылы 5.9 млн. тұрса – 2022 жылы ол 85% пайызға өсіп 11 млн теңгеге өсіп, қазір ол 8,7 млн теңге тұрады. Алыс шет елден келетін Джон Дир S 760 Комбайны 171 млн тұрса – небәрі 3 жылдың ішінде 272 млн қымбаттаған.

Біздегі қымбаттаған бағаның орнына қайта орнығуы екі талай екенін айтып, депутат қынжылыс білдірді. 

"Утиль алымдары мен алғашқы тіркеу салықтарыда ауыл шаруашылығы техникаларын да айналып өткен жоқ. Жоғарыда айтылған ауыр техникалардың қымбаттауына тікелей себеб, осы алымдар", -дегенді айтты Н. Сайлаубай. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша осы алымдарды айналып өту үшін, 413 жүк көлігін заңсыз тіркеген азамат мемлекетке 3 млрд 156 млн теңге шығын әкелген. "Бұл тек ұсталғандары ғана, ұсталмағандары қаншама" деп отыр депутат.

"Одан бөлек бұл мәселені 2 палатада бірдей, бір жыл емес бір неше жыл болды көтеріп келе жатыр. Жәнеде қазырғы қар суымен күресуде осы жаңа заманауи техникалардың ауадай қажет екенін барлықтарыңыз іштейде біліп отырсыздар. Жалпы осы алымдардың елге тиімсіз екенін бұдан басқа қандай дәлел керек", -деді Наурыз Сайлаубай.


Осыған орай депутат өз ұсыныс пен талаптарын айтты. Депутаттың алғашқы талабы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне:

"Құрметті министр мырза Сіз аргумент ретінде айтып жүрген инвесторлардың жағдайы мен сол кәсіпорындарында қызмет ететін қаракөз азаматтардың құқықтарын қорғай отыра Жалпы осы шет елден келетін техникаларға салынатын утиль, алғашқы тіркеу т.б салықтарын алып тастауды және қайта  қарастыруыңызды талап етеміз. Бұл біздің талабымыз емес халықтың талабы", -деді ол. 

Ал екінші талабын Ауылшаруашылығы министрлігіне қойған Наурыз Сайлаубай былай деді: 

"Президент өз жолдауында «Азық түлік келісім шарт корпорациясы»-ның негізінде фермерлердің өнімін сатып алудың вертикалды жүйесін құр деп тапсырма берген. Біршама уақыт өтті, соның нәтижесі туралы бір ақпарат жоқ. Сол бойынша есеп беруіңізді сұраймыз. 
Делдалдарға жем болған шаруаларға арнайы әр өңірлерден өз өнімдерін ешқандай кедергісіз қабылдайтын пунктар болу қажет. Себебі өз өнімін төмен бағаға беретін қара шаруа, кредит пен лизингке алған техникасының қаражатын төлей алмай шаруашылығында сатып жатқан жайларыда бар ОЛХ-қосымшасын ашып қарасаңыздар да болады. Жәнеде шаруалар егіндерін жинап болғаннан кейін жылына бір уақыт сол өнімдерін кедергісіз тікелей шет елдерге экспорттауға рұқсат беру керек.
Сөйтіп кеңестік одақта тумасақта, кеңестік қызыл Енесей комбайны мен сары К-700 тракторларын көріп өстік, ауылдарда әлі бар. 40 жыл болған техникалар бізге адал қызмет етті, енді бізге замнауи шаруаның қалтасы көтеретін Жаңа Қазақстанда – жаңа техникалар керек!", -деді депутат.