Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы La Repubblica хабарлады. Ол 2012 жылы стратосферадан рекордтық секіріс жасап аты шыққан еді.
Il Resto del Carlino-ның дерегінше, спортшы парапланды басқара алмай, бассейнге құлап, бір қызбен соқтығысқан. Қыз жарақат алғанымен, өміріне қауіп жоқ. Ал Баумгартнер құлағаннан кейін есінен танып, жүрегі тоқтап қалған.
Баумгартнер 56 жаста болатын. Ол 2012 жылы гелийге толтырылған әуе шарына ілінген арнайы капсуламен шамамен 39 шақырым биіктікке көтеріліп, секіріс жасаған. 50 секундтық еркін құлау кезінде ол сағатына 1357,6 шақырым жылдамдыққа жетіп, дыбыс жылдамдығынан асқан. Жерден шамамен екі жарым километр биіктікте парашют ашылып, спортшы аман-есен қонған еді.
Фото: ашық дереккөз
