Қазақстандық, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 107-орында тұрған франциялық Хармони Танмен кездесті.
Франциялық теннисші күтпеген жерден 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Путинцева 1 сағат 18 минутқа созылған матч барысында 2 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың екеуін де пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 5 брейкке (6 брейк-пойнт) қол жеткізді.
Ол өткен жылы осы біріншілікте үшінші айналымға дейін жеткен болатын.
Осылайша Аустралия ашық чемпионаты қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды. Дегенмен Путинцева жұптық сында америкалық София Кенинмен бірге екі күннен кейін кортқа шығады.