Қазақстандық төрешілер алғаш рет Аустралия ашық чемпионаты жасөспірімдер турнирінің финалында қазылық етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Меруерт Каукеева мен Юлия Игнатченко өз жұмыстарын жақсы атқарып шықты.
М.Каукеева қыздар арасында жұптық сындағы соңғы бәсекеге төрелік етті. Ал Ю.Игнатченко бозбалалар арасындағы жекелей сында қазылық жасады.
2020 жылы Меруерт пен Юлия әйелдер арасында ең талантты төрешілер қатарында WTA командасына қосылды. Өткен жылы Токио Олимпиадасына, сондай-ақ Аустралия ашық чемпионаты, Ролан Гаррос және Уимблдон сынды үш «Үлкен дулыға» турниріне төреші ретінде қатысты.