Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда испаниялық Паула Бадоса – тағы бір қазақстандық Елена Рыбакинамен кездесуі керек еді.
Бадоса мен Рыбакина жұптық сында жарысқа қатысудан бас тартқаннан кейін олардың орнына мажарстандық Анна Бондарь мен грузиялық Оксана Калашникова шықты.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Жуырда ғана Сидней турнирінің жеңімпазы атанған Анна мен Беатристің екінші айналымдағы қарсыластары кейін анықталады.