Қостанай облысының әрбір ауданы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысады. Бүгінде Әулиекөл ауданында қоршаған ортаға қамқорлық жасауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
Әулиекөл ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылды санитарлық тазарту жүргізілді, акция аясында 180-ден астам адам қатысты, оның ішінде мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер, ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер туған өлкені абаттандыруға ұмтылыстарын қажырлы еңбекпен көрсетті, сондай-ақ 2 бірлік техника тартылды.
Олар бүгінгі сенбілікті Әулиекөл ауылының солтүстік бөлігіндегі орман-саябақ аймағын жинауға арнады, ауыл тұрғындарының демалыс аймағын тазалаумен қамтылды.
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын өткізудің маңыздылығын Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу». Ел Президенті қоршаған ортаның жай-күйі ортақ жауапкершілік екеніне ерекше назар аударды.
«Біргеміз Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында Әулиекөл ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, жастар, бизнес құрылымдар орман алқабын тазарту бойынша сенбілікке белсенді қатысты.
Мемлекет басшысы, еліміздің Президенті Қ. Қ. Тоқаев атап өткендей: «Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс». Бұл жалпыұлттық міндет. Біз Қазақстан Республикасындағы ортақ үйімізге қамқорлық жасауымыз керек. Бұл өмір салтына айналуы керек. Бұл біздің астанамыздың немесе ірі қалаларымыздың мәселесі ғана емес, ол шағын қалаларға, аудандарға, ауылдарға да қатысты. Тазалық-денсаулық кепілі! Тазалық-сұлулық кепілі!», - дейді Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Альмира Жансүгірова.