30 сәу, 2024 сағат 18:01

Ауғанстандағы мешітке шабуыл жасалып, алты адам қаза тапты


Фото: ru.apa.az


Pahjwok агенттігінің хабарлауынша, алты адам шабуыл құрбаны болды, деп жазады «Ұлт ақпарат» Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.


Дереккөздің хабарлауынша, дұға етушілерге атыс қаруымен қаруланған адам шабуыл жасаған.


Тағы бір басылым — Agence France-Presse — Ауғанстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, мешітке шабуыл 29 сәуірде кешке болғанын растады. Қайғылы оқиға Гузара ауданында болды.


Әзірге бірде-бір лаңкестік топ шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.