Фото: Антон Шакиров
Ауғанстанда тұратын қазақ диаспорасы БҰҰ-ның Миграция бойынша жаһандық елшісі Димаш Құдайбергенге ресми үндеу жолдады, деп хабарлайды Ult.kz Adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.
Олар Димаштың бұл мәртебесін үлкен үміт деп атап, екі мәселе бойынша көмек сұрайды:
- 1. Ауғанстан қазақтарын Қазақстанның репатриациялық бағдарламасына қосу;
- 2. мәдени-гуманитарлық қолдау көрсету.
Қазіргі таңда Ауғанстанда шамамен 5 мың қазақ тұрады. Ауғанстан Қазақ мәдени орталығының төрағасы Асадолла Оймауыттың айтуынша, осы 5 мың адамға қатысты тізімдер мен қажетті құжаттар толық дайын, алайда көші-қон шектеулеріне байланысты тарихи отанға оралу мәселесі әлі шешілмеген. Диаспораның басты арманы – ұрпақты аман-есен Қазақстанға жеткізу.
