Фото: newsroom.kz
Ауғанстан билігіндегі «Талибан» қозғалысы тамыз айының соңында жаңа ереже енгізіп, әйелдер жазған барлық кітаптарды университет бағдарламаларынан алып тастады. Сондай-ақ адам құқықтары мен жыныстық қысым көрсетуге қатысты курстарды оқытуға тыйым салды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқу бағдарламасынан алып тастаған кітаптардың жалпы саны 680-ге жуық . Оның ішінде 140-ы әйелдер жазған еңбектер. Тыйымның себебі ретінде «шариғат пен жүйе саясатына қайшы» деген түсіндірме берілді.
Тыйым салынған 18 курстың 6-ы гендер тақырыбына арналады. Оның арасында: “Гендер және даму”, “Әйелдердің коммуникациядағы рөлі”, “Әйелдер социологиясы” сияқты пәндер бар. Сондай-ақ, «Химия зертханасындағы қауіпсіздік» секілді ғылыми еңбектер де тыйым салынғандар тізіміне енген.
Ауғанстанда қыздарға 6-сыныптан кейін білім алуға рұқсат жоқ. 2024 жылы елде акушерлік курстар да жабылған болатын.
