08 қаң, 2026 сағат 16:31

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктіге іздеу жарияланды


Фото: ІІМ баспасөз қызметі


Атырау облысында жоғалған ерлі-зайыптының денесі табылғаннан кейін күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz  Sputnik Қазақстан-ға. Сілтеме жасап.


Бұған дейін Жангелдин ауылының тұрғындары – ерлі-зайыпты, олардың қызы мен ұлының жоғалғаны туралы арыз түскен. Сол кезде осы отбасының тағы бір қызы мен күйеу баласы із-түзсіз жоғалған. Полицейлер екеуінің Сарыағаш жақтағы Қапланбек бекеті арқылы Өзбекстанға өтіп, ары қарай шетел асып кеткенін анықтады. Ал 6 қаңтарда хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіті табылған болатын.


"Атырау облысында Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды. Қылмысқа күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - дейді полицейлер.


Айта кетері, іздеу салынған отбасының күйеу баласы бес баласын сол ауданда тұратын өз анасына тастап, жұбайымен бірге шетелге кетіп қалған.