24 сәу, 2024 сағат 16:32

Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген 50 шетелдік ұсталды


Фото: Жетісу облысы полициясы


Атырауда тиісті органның арнайы рұқсатын алмай, заңсыз жұмыс істеп жүрген 50 шетелдік ұсталды.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдіктер көші-қон қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жергілікті департаменті қызметкерлерінің бірлескен рейді кезінде анықталып отыр.


«Атырау қаласының аумағында орналасқан өндірістік нысандарға тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде арнайы рұқсаты болмаса да заңсыз жұмыс істеп жүрген шет елдердің 50 азаматы анықталды. Оның ішнде Тәжікстан Республикасының 38, Өзбекстан Республикасының 12 азаматы бар. Шетелдіктерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-тармағымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауымен көрінген, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруы) әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Жинақталған іс құжаттары сотқа жолданды.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Алматыда 4 мыңға жуық шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны хабарланған болатын.