29 жел, 2025 сағат 11:27

Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз 

Оқиға кеше түскі уақытта қала маңындағы Томарлы ауылдық округіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде тіркелген, деп хабарлайды Ult.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үй ішінен 1958 жылы туған ерлі-зайыпты мен 72 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Үшеуі де жедел қызметтер келгенге дейін қаза тапқан.

Алдын ала болжам бойынша, газбен жұмыс істейтін жылыту пешінен ақау шыққан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.