08 там, 2025 сағат 18:17

Атырауда радикал діни ағымдарға тартылған 2 006 адамды қоғамға бейімдеу жұмыстары жүрді


Фото: Ақ Жайық

Атырау облысында радикалды діни ағымдарға тартылған азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 2 006 адаммен жеке оңалту кездесулері өткізілген, деп хабарлайды Ult.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Нәтижесінде 1 076 адам қоғаммен қайта байланыс орнатып, 272-сі толық оңалту курсынан өткен. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев хабарлады.

Басқарма жетекшісінің айтуынша, өңірде бұл бағытта 74 теолог пен 2 психолог қызмет етеді. Сонымен қатар, жазасын өтеушілермен жұмыс та жүйелі түрде жүргізілуде.

Атырау облысында радикалды діни ағымдарға тартылған азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 2 006 адаммен жеке оңалту кездесулері өткізілген.

Нәтижесінде 1 076 адам қоғаммен қайта байланыс орнатып, 272-сі толық оңалту курсынан өткен. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев хабарлады.

Басқарма жетекшісінің айтуынша, өңірде бұл бағытта 74 теолог пен 2 психолог қызмет етеді. Сонымен қатар, жазасын өтеушілермен жұмыс та жүйелі түрде жүргізілуде.

"Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелерде 245 сотталушымен 361 жеке кездесу өткізілді. Соның ішінде 34 адам дәстүрлі құндылықтарға бет бұрып, қоғамға бейімделді. Бұл деструктивті көзқарастардан арылудың нақты нәтижесі", деді Қаһарман Мұсаев.


Сондай-ақ, дінге қызығушылық танытып жүрген жасөспірімдермен де арнайы жұмыс жүргізілген. Атап айтқанда, 91 жаспен 98 кездесу өтіп, нәтижесінде 14 жас толық оңалудан өтіп, 57-сі қоғамға бейімделген.

Сала басшысының сөзінше, бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен: толық оңалудан өткендер саны үш есе, ал бейімделгендер екі есе артқан.