17 жел, 2025 сағат 12:01

Атырауда пәтерден ер адам өлі табылды


azh.kz


Атырауда пәтерден ер адам өлі табылды. Тұрғындардың айтуынша, мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн өткен, - деп хабарлайды Ult.kz "Ақжайық" басылымына  сілтеме жасап.

 

Атырауда Береке ықшамауданы, № 24 үйде ер адамның сүйегі табылды. Тұрғындардың айтуынша, мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн өткен. Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде белгілі болған.

 

"Иіс бүкіл кіреберісті алып кетті. Біз өз күшімізбен адам жалдап, тазалап, хлор, "Белизнамен" жудық. Сонда да иіс кетпей тұр. Біз маманы болмағасын, не қолданған дұрысын білмейміз", - дейді көршілердің бірі.

 

Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер немесе мамандандырылған ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция жүргізілмеген.