Фото: YouTube
Атырау облысында Ойыл өзенінің маңынан 7 шаруа қожалығы қауіпсіз аумаққа шығарылды, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, мұнда 557 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 407 шаруашылық Ойыл өзенінің бойында орналасқан.
«Шаруа қожалықтарының иелеріне Ойыл өзеніндегі судың көтерілуінен төнер қауіп туралы алдын ала ескертілді. Өзендегі судың күнделікті деңгейі мен тасқынның екпіні ұдайы хабарланды. Осындай ескертудің нәтижесінде Жамбыл, Жангелдин, Ойыл, Тайсойған округтерінде тіркелген 7 шаруа қожалығының 14 адамы мен төрт түлігі қауіпсіз аумаққа көшірілді. Төрт түліктің ішінде 2209 қой-ешкі, 448 мүйізді ірі қара, 138 жылқы, 20 түйе бар», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз.
Кейін Ойыл өзеніндегі су тасқынына байланысты Миялы ауылынан 559 тұрғын эвакуацияланды.