Тұрғын үйдің кіреберісінде әйелге пышақпен шабуыл жасаған атыраулық ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Атырау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күдікті Ақтау қаласында жүрген жерінен ұсталды.
"Кешенді жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде 1991 жылы туған әйелді өлтіруге оқталған 1995 жылғы күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды", – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі кезде күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.