Фото: instagram.com/atyrauoil.official
Атырау қаласында 45 жастағы әйел көппәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Оқиға бүгін, 9 қаңтарда болған.
— Күндізгі сағат 11:00 шамасында 1979 жылғы әйел Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінің 8-қабатынан құлаған. Қазір әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Әйелдің тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлауына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның себебі тергеу кезінде анықталады.