17 мам, 2024 сағат 11:47

Атырау облысында жол жабылып, қайық тасымалы іске қосылды


Фото: Президенттің баспасөз қызметі


Атырау облысында Махамбет – Сарытоғай арасындағы жол жабылып, қайық тасымалы іске қосылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.


Махамбет ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының шешімімен, көп мөлшерде келіп жатқан өр суының бағытын бұру үшін "Махамбет – Сарытоғай" ауылын жалғап жатқан тасжол жырылды.

Сол себепті ауыларалық қатынасты үзбеу мақсатында қайық тасымалы қызметі іске қосылды.


"Сарытоғай ауылынынан Махамбет ауылына жеке көлікпен қатынаушылар "Сейтек" шайханасы жанындағы айналма жолмен өте алады", - делінген штаб хабарлмасында.