Батыс Прорва кен орнында төтенше жағдай: 20 метрлік газ алауы, өртті сөндіру мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды Ult.kz.
6 наурызда «Ембімұнайгаз» АҚ-қа қарасты Батыс Прорва кен орнындағы №437 ұңғымасында насос-компрессорлық құбырды (НКҚ) түсіру кезінде газ атқылады. Атылған газ жанып, биіктігі шамамен 20 метрлік алау пайда болды.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ, дегенмен, өртті әлі толық сөндіру мүмкін болмай тұр.
Аймақ қоршауға алынып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
«Ембімұнайгаз» баспасөз қызметі оқиғаны растады және жедел штабтың тиісті шараларды қабылдағанын мәлімдеді.