Фото ашық дереккөзден алынды
Атырау облысының Жылыой ауданында кадастрлық құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" өңір прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Жылыой ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін қайтару бағытында жұмыстарды жалғастырып жатыр.
«Бұл ретте «Жана-Тан» ЖШС осы санаттағы жер учаскелерін игермегені және ұзақ уақыт бойы (2020 жылдан бері) мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларымен аталған кәсіпорын кадастрлық құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды», - делінген хабарламада.
Болашақта бұл жерлер тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталады.