10 мам, 2024 сағат 10:00

Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды


Фото: baq.kz


Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды. Жұмыс жалғасуда, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.


Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, таңертеңнен бері Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізілуде.


"ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауда",-деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.