05 қаз, 2024 сағат 12:11

Атақты әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден өтті


ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден өтті. Қаралы хабарды журналист Оралхан Дәуіт жазды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз... Алла Тағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды. Жаназасы 6-қазан күні сағат 12-де Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өзі туып-өскен қарашаңырақта өтеді", - деп жазды журналист парақшасында.


Massaget.kz сайтының мәліметінше, Гүлнәр Сиқымбаева отбасындағы он бес баланың үлкені. Шымкент іргесіндегі Ленгір ауданындағы Майбұлақ таулы ауылында өскен. 1985 жылы Гүлнәр Сиқымбаева "Гүлдерге" қабылданып, танымал ансамбльде өнер көрсеткен. Қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде әндері бар. Қырғызстан және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.