05 қар, 2021 сағат 21:05

"Астананың" бас бапкері қызметінен кетті


Андрей Тихонов "Астана" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бас бапкердің міндетін атқарушы болып Владимир Ежуров тағайындалды, ол команданы келесі матчтарға дайындайды.

"Астана" ФК Андрей Валерьевичке баға жетпес еңбегі мен команда жетістіктеріне қосқан үлесі үшін шексіз алғыс білдіреді. Клуб ұжымы жаттықтырушыға алдағы уақытта да табыстар мен жеңістер тілейді" - делінген сайтта.

Тихонов "Астананың" басшылығына 2020 жылдың қазанында келген болатын. Өткен маусымда оның жетекшілігімен клуб ҚПЛ-да қола жүлде иеленсе, биыл күміс жүлдегер атанды.