25 қыр, 2025 сағат 15:52

Астаналық кейуана ғасырлық мерей тойын атап өтті

Фото: жеке мұрағат

Астанада ардақты ана, тыл еңбеккері Сарбалдақ Әбенқызы Бейбітова 100 жасқа толды. Ол 1925 жылы 25 қыркүйекте Ақмола облысы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

Жастайынан еңбекке араласқан Сарбалдақ Әбенқызы 1942–1945 жылдары Сталин кенішіндегі Куприянов артелінде жұмысшы болды, елдің тылдағы ауыр жүгіне үлес қосты.

Соғыстан кейін, 1946 жылы ол майдангер, гвардия майоры, Ұлы Отан соғысының ардагері Газиз Арыстанұлы Бейбітовпен отбасын құрды. Жолдасы майдан даласында көрсеткен ерлігі үшін «Сталинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін» медалімен, сондай-ақ «Қызыл Жұлдыз» ордені және «Кёнигсбергті алғаны үшін» медалімен марапатталған.

Фото: жеке мұрағат

Бүгінде ғасыр жасаған Сарбалдақ Әбенқызы – елінің тарихына куә, ұрпаққа үлгі абзал жан. Оның ғұмыры – еңбек пен төзімнің, отансүйгіштік пен өміршеңдіктің жарқын айғағы.

Фото: жеке мұрағат