Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.
"Ол 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.
Саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады", - делінген хабарламада.