12 мам, 2025 сағат 09:52

Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян келді

Фото: Premierminister.kz

ҚР Премьер министрі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Тақ мұрагерінің ресми сапары аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады, деп хабарлайды Ult.kz.

БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауда.