26 қаз, 2025 сағат 11:30

Астанада жәрмеңкеде ақмолалық аграрлар 460 тоннадан аса өнім ұсынды


© Астана қаласы әкімдігі


Астанада қорытынды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда Ақмола облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Жәрмеңкеге Ақмола облысының 100-ден астам тауар өндірушілері мен өңдеу кәсіпорындары қатысты.


Сөрелерде ет және шұжық өнімдері, жаңа піскен балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, ұн, картоп және көкөністерді қоса алғанда, жалпы көлемі 460 тоннадан астам 50-ге жуық азық-түлік түрі ұсынылды.


"Жәрмеңкеде біз өз өнімдерімізді делдалсыз ұсынамыз, осылайша елорда тұрғындары тиімді бағамен сапалы өнім ала алады. Бұл астаналықтар үшін де, біздің фермерлер үшін де тиімді. Барлық өнім тез сатылып кетті, біз төртінші жыл тауарларымызды әкеліп жатырмыз және жәрмеңке туралы алдын ала ескертіп қоятын тұрақты клиенттеріміз бар, хабарландыру освлай ауызша тарайды. Олар өз таныстарын да ертіп келеді", - деді сүт өнімдерін сатушылардың бірі.



Жәрмеңке өңірлер мен Астана арасындағы сауда маусымын қорытындылады.