видео кадры
Астана Полиция департаменті елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде балаларға шабуыл жасаған ер адамның ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған кадрларда подъездердің бірінде ер адамның алдымен бір баланы бетінен ұрып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырып жатқаны көрсетілген.
Байқоңыр аудандық тәртіп сақшылары осы үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
"Бұзақылық дерегі бойынша, қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.