09 сәу, 2025 сағат 12:09

Астанада мектеп оқушыларының халықаралық ғылыми форумы басталды

Фото: ұйымдастырушылардан

Астанада қаласында «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері» атты мектеп оқушыларының ІІІ халықаралық ғылыми форумы басталды, – деп хабарлайды Ult.kz.

Аталған форумды «International Centre of Scientific Collaborations» жеке мекемесі, Астана қаласының Білім басқармасы, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Бір белдеу – бір жол» халықаралық ғылыми-білім консорциумы (BRISEC) бірлесіп ұйымдастырған.

Халықаралық ғылыми форум зияткерлік меншік күні, Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні және зерттеулерге негізделген ғылыми білім беруді енгізу туралы Астана декларациясының (IBSE) қабылданғанына 10 жыл толуына орай өтуде.

Форумның мақсаты – ғылымды насихаттау және қазақстандық оқушылардың халықаралық ғылыми жобалар, инновациялар мен өнертабыстар байқауларындағы үздік жетістіктерін көрсету.

Форумның шетелдік қонақтары:

Сянг Пинг By – BRISEC президенті, Қытай ғылым академиясының академигі (онлайн);
Pierre Léna – Париж обсерваториясының (LIRA) және Париж-Сите университетінің құрметті профессоры, Франция ғылым академиясының мүшесі;
Манзоор Сомро – профессор, BRISEC вице-президенті;

Хатем Слиман – АTAST президенті (Тунис), BRISEC вице-президенті, I-FEST бас директоры, т.б. 


Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА-ның жас ғалымдар омбудсмені М.Хасенов, белгілі генетик М.Жабағин, Жошы ұлысы ғылыми-зерттеу институтының директоры Ж.Сәбитов қатысады. 

«International Centre of Scientific Collaborations» (ICSC) Президенті, Жаһандық ғылыми білім беру кеңесінің (IAP SEP) мүшесі Ләззат Құсайынова «Ғылымдағы балалар» жобасының жетістіктерімен таныстырады.

Форумда халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаз-оқушылары өз жобалары туралы презентация жасайды.