10 қыр, 2024 сағат 11:02

Астанада Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

Фото: Gov.kz

ҚМА Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Астананың "Мәдениет басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған "Күн" ("Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы") субырқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей тікелей келісімшарттар жасалған. Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған", - делінген хабарламада.


Құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр.

"Ұрланған қаражаттың көлемі 1 мллиард теңгеден асып отыр. Күдікті, Астананың "Мәдениет басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынды. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер. Аталған іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 миллион теңгеден астам сомаға шектеу қойылды", - делінген хабарламада.