Фото: depositphotos.com
Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Мемлекеттік айыптаушы абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан тұрғынның кінәсін дәлелдеген. Сотталған адам тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.
Ведомство мәліметінше, ұйқы қысатынына шағымданып, клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізілген. Содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған.
"Біраз уақыттан соң науқас есін жимастан қайтыс болды.
Сараптама қорытындысы бойынша, өлімнің себебі - анафилактикалық шок.
Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды" - делінген хабарламада.
Прокуратура азаматтарды бұл қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.