04 шіл, 2024 сағат 14:30

Астанада 700-ден астам шетелдік журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр


Фото: Ақорда


Бүгін 700-ден астам шетелдік журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.


«700-ден астам шетелдік және 200-ден астам қазақстандық журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Әлем назарын аударған шараға еуропалық БАҚ үлкен қызығушылық танытты», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.


Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алып, қол алысты. Ел басшыларын қарсы алу рәсімі аяқталды.


Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі бодды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде мүше мемлекеттердің басшылары Беларусь Республикасын Ұйым мүшелегіне қабылдауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойды.


Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды. Бұл туралы саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.