Фото: видеодан скриншот
27 қарашада «Астана–Алматы» рейсінде жағдайы күрт нашарлап, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың шұғыл көмегіне жүгінген жолаушы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай екені белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол ұшақ бортында болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап, аяқ астынан қан қысымы көтерілген сәтте қасында болып, көмектескен министрге ризашылығын білдірді.
«Көпшілік «сценарий, өтірік» деп жазып жатыр. Бірақ бұл – дәл сол сәтте менің басымнан өткен оқиға. Уақтылы келіп, қол ұшын созған еліміздің бас дәрігері Ақмарал Әлназароваға алғыс айтамын», – деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Еске сала кетейік, кеше Астана – Алматы бағытындағы ұшақта жолаушының денсаулығы күрт нашарлап, министр Әлназарова оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен еді.
