"Астана темір жол вокзалының аумағында декоративті нысандардың бірі опырылып түсті", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Куәгерлердің айтуына қарағанда, аспалы қалқа бірінші жолда тұрған «Астана-Лениногорск» пойызының вагонына құлаған. Өзге мәліметтер анықталуда.
Еске сала кетейік, елордада қатты желдің салдарынан 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайтыны хабарланған болатын.
суреттер: ҚазАқпарат