Фото: gov.kz
Астана орталығында дәрет сындырған екі шетелдікке бес жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде шетелдік азаматтың Достық көшесі бойындағы мекемелердің бірінің маңында дәрет сындырғаны жайлы видео тарады.
"Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзғандардың кім екенін анықтады. Олар 35 және 49 жастағы шетел азаматтары болып шықты. Олар Қазақстан Республикасының аумағынан кетіп үлгерген. Соған қарамастан кінәлілерге бес жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды", - дейді полиция.
Осы факт бойынша Ішкі істер министрлігі бұл адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін Сыртқы істер министрлігін хабардар етті.
