19-26 қыркүйек аралығында елордада өтетін Astana Open ATP 250 турниріне қатысушылардың алдын ала тізімі жария етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталмыш жарыста рейтингілері жоғары, белгілі ойыншылар бақ сынамақшы.
Атап айтқанда, әлемнің 19-ракеткасы, чилилік Кристиан Гарин, рейтингте 24-сатыдағы ресейлік Аслан Карацев, сондай-ақ сербиялықтар Филипп Крайнович пен Душан Лайович, өткен жылғы Astana Open чемпионы, аустралиялық Джон Мильман, франциялық Бенуа Пер, италиялық Лоренцо Музетти, америкалық Маккензи Макдональд және басқалар елордаға келмекші.
Қазақстаннан әлемнің 37-ракеткасы Александр Бубликтен басқа Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесовтерге қоса жас теннисшілер өнер көрсетеді.