Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүлде қоры 235 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 408-орында тұрған Беларусь өкілі Вера Лапкомен күш сынасты.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті.
Екіншісінде де дәл сондай есеппен матчты түйіндеді – 6.4.
Сағат жарымға созылған бәсеке барысында Ю.Путинцева 3 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Қарсыласы 3 эйс, 1 (3 брейк-пойнт) брейктен аса алмады.
Ю.Путинцева жартылай финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 160-орында тұрған 21 жастағы ресейлік Анастасия Гасановамен таласады.
Ол тартысты матчта әлемнің 77-ракеткасы, хорватиялық Ана Конюхтан айласын асырып кетті – 2:6, 7:6 (7:4), 6:2.