Дмитрий Попко Astana Open ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Ұлттық теннис орталығында алғашқы іріктеу сайыстары басталды.
Әлемнің 195-ракеткасы Д.Попко бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 846-орында тұрған болгариялық Симон Ивановпен өткізді.
Қазақстандық теннисші 59 минутқа созылған кездесуде 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Д.Попко 7 эйс жасап, бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Д.Попко іріктеу сайыстарының финалында аустриялық Юрий Родионов немесе аустралиялық Мэттью Эбденнің біреуімен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.