Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик турнирді екінші айналымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 60-орында тұрған сербиялық Миомир Кецмановичпен кездесті.
Тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Екі сағатқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 18 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 4 эйс, 2 (7 брейк-пойнт) брейкке қол жеткізді.
А.Бублик жартылай финалға шығу үшін Беларусь өкілі Егор Герасимов немесе испаниялық Карлос Табернердің біреуімен таласады.