Фото: Baigenews.kz
Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарының цифрлық картасын әзірлеуде, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда үш ірі жоба аяқталды. Олар – Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Ұлттық шұғыл медицина орталығы және Алматыдағы инфекциялық аурулар ұлттық ғылыми орталығы.
Айта кетейік, тұжырымдама шеңберінде тұтастай алғанда 34 негізгі жоба іске асырылуда. Оның ішінде Ұлттық ғылыми орталықтар, перинаталдық және көп бейінді ауруханалар мен университеттік клиникалар бар.