16 сәу, 2025 сағат 18:14

Астана мектебінде ерекше бала қатарласын жаралады


© Photo : Sergek Group


Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде ерекше бала оқушыны жаралады, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.


Мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар бала оқушы қыздың бетінен маркермен ұрған. Маркер қыздың бетін жаралап, ата-анасы ауруханада тіктірген.


"Бұл ерекше бала осы мектепте екінші жыл оқиды. Осы уақытқа дейін ол құрдастарына агрессивті мінез-құлық танытпаған. Қазіргі уақытта бала уақытша үйіне жіберілді", - деді білім басқармасы.


Ведомствоның мәліметінше, арнайы хаттама жасалған.


"Баланың мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту нысанын қайта қарау үшін денсаулық сақтау ұйымына жіберілді. Ерекше баланың ата-анасы зардап шеккен оқушының ата-анасынан кешірім сұрады. Үйінде бала екі інісіне өте қамқор екенін айтты", - дейді білім басқармасы.