18 там, 2025 сағат 15:55

Астана маңында жеке ұшақ құлап, екі адам қаза болды

Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі Ақмола облысына 55 шақырым жерде Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы әуе кемесінің құлағанын растады, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға жалпы мақсаттағы авиация шеңберінде орын алған. Министрлік ұшақ өртенбегенін атап өтті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы көз жұмды. Қайғылы оқиғаның себептері арнайы комиссия тарапынан тексерілуде.

Ұшақты пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Әуе апатын зерттеу департаментінің мамандары қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.