Фото: instagram.com/nqz_airport
Бахрейндік топ-менеджер Юсуф Альджавдер Астана әуежайының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Азаматтық авиация комитеті жаңа басшыға қатысты мәлімдеме жасады.
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды. Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды”, – делінген хабарламада.
“Время” басылымының мәліметінше Юсуф Альджавдер – Бахрейн азаматы.
“Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Emirates, British Airways, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында жоғары қызметте жұмыс істеді”, – деп мәлімдеді елорда әуежайының баспасөз қызметі.
2023 жылдың қарашасында Астана әуежайы Terminals Holding (БАӘ) сенімді басқаруына берілген еді.
“2024 жылы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр”, – делінген хабарламада.
Еліміздің тағы бір өңірінде халықаралық әуежай салыну жоспарланып отыр.