«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, «Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолында сағат 16:30-да қалың қар жауып, жол көрінбеуі салдарынан 10 автокөлік соқтығысып қалған.
Ірі жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеді.
«Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі - жол қозғалысы ережелерін сақтамау», - делінген хабарламада.