ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин хоккей ойнағанды ұнататындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Хоккей ойнауға тырысамын. Әрине, қалағанымдай аптасына үш рет бола бермейді. Мәселен, кеше ойнадым. Хоккей өте танымал ойын. Әріптесіміз Михаил Мишустин (Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы) бізге келген кезде шағын құрамын ерте келеді. Біз кездесеміз және кешкісін шағын хоккей матчын өткізуге тырысамыз. Тіпті, Ресейде, Қазанда ойнадық. Іссапар аясында кешкісін міндетті түрде ойнаймыз. Соңғы ойын 8:8 есебімен аяқталды. Ойын Нұр-Сұлтан қаласында өтті», - деді Үкімет басшысы БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында.