30 мау, 2020 сағат 16:04

Асқар Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті, – деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Отырысқа банк акционерлерінің өкілетті өкілдері: Армениядан қаржы министрінің орынбасары Армен Айрапетян, Беларусьтен қаржы министрі Юрий Селиверстов және экономика министрі Д. Крутой, Қырғызстаннан қаржы министрі Бақтыгүл Жеенбаева, Ресейден қаржы министрі Антон Силуанов, Тәжікстаннан қаржы министрі Файзиддин Каххорзода қатысты. Отырысты ашқан Асқар Мамин жақында ЕАДБ басқарма төрағасы қызметінен кеткен Андрей Бельяниновқа нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтып, жаңадан тағайындалған Банк басшысы Николай Подгузовқа табыс тіледі.

Отырыс барысында Кеңес ЕАДБ Цифрлық бастамалар қоры туралы ережені бекітті. Жаңа Қордың мақсаты — Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттары аясында іске асырылатын, оның ішінде жобаларды әзірлеуге және қаржыландыруға қатысу және ақпараттық ресурстарды интеграциялау арқылы цифрлық трансформация құралдары мен тәжірибелерін қалыптастыруға Банкке қатысушы елдерге көмек көрсету.

Халықаралық даму банктерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес ЕАДБ Кеңесі жанынан Кадрлар жөніндегі комитет құрылды, ол туралы ереже Кеңес отырысы аясында бекітілді. Кеңес Еуразиялық даму банкінің 2019 жылғы жұмысын қорытындылады – ЕАДБ қазіргі инвестициялық портфелі $4,3 млрд дейін 25,6%-ға ұлғайды. Баланстық портфель 31%-ға $2,8 млрд дейін өсті. Портфелінде ең көп үлесі бар елдер — Ресей (45,7%) және Қазақстан (40,1%). 2019 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы инвестициялық портфельдің салалық құрылымы өзгерген жоқ – ең үлкен үлес энергетикадағы (21,1%), көліктегі (18,9%), қаржы секторындағы (18,7%) жобаларға тиесілі. 2019 жылы жалпы сомасы $1,3 млрд болатын 27 жаңа жоба бойынша келісімге қол қойылды. Б

анк барлық қатысушы мемлекеттерде өзінің қатысуын белсенді түрде дамытып, қолданыстағы стратегияны ескере отырып, ұлттық даму жобалары мен елеулі интеграциялық тиімділігі бар жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырды. Банк портфеліндегі интеграциялық жобалардың үлесі мақсатты мәннен асып, 54,4%-ға жетті. Банктің қарыз алуының жиынтық көлемі $2,6 млрд құрады. 2019 жылы ЕАДБ жалпы сомасы 80 млрд теңгеге бес облигация шығарылымын, жалпы сомасы 23 млрд рубльге бес облигация шығарылымын орналастырды, сондай-ақ $201 млн еурооблигациялар шығарылымын екінші рет орналастырды.

Инвестициялық портфельдің айтарлықтай өсуін ескере отырып, ЕАДБ оның сапасын тиісті деңгейде сақтай алды. Баланстық портфельдегі провизиялар үлесі 2019 жылы 3,2%-дан 2,4%-ға дейін төмендеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша банктің кірісі $68,9 млн құрады. Капиталдың табыстылығы – 3,8%.

Қазақстанда инвестициялық қызметті дамыту үшін Қазақстанның Ұлттық банкімен ЕАДБ-ге 200 млрд теңге лимитімен қаржы тартуға мүмкіндік беретін келісімге қол қоюдың маңызы зор. Халықаралық рейтингтік агенттіктер ЕАДБ қаржылық тұрақтылығына жоғары баға берді: Standard&Poor 's банктің рейтингін ВВВ дейін көтерді, Moody' s агенттігі Baa1 растады, ал Fitch агенттігі BBB+ рейтингін берді.